387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Педофилдің қылмысын жасырған ата-ана 6 жылға сотталуы мүмкін

  • 164
  • UPD: 14:29, 11.09.2019
Педофилдің қылмысын жасырған ата-ана 6 жылға сотталуы мүмкін baribar.kz

Кәмелетке толмаған балаларға жасалған жыныстық күш көрсету қылмыстарының дәлелдерін жасырғандар жауапкершілікке тартылатын болады.

«Педофилияның ауыр фактілері туралы хабарламағандар да жазаға тартылады. Бұл ауыр қылмысқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», – деді  ҚР бас прокурорының орынбасары М.Ахметжанов.

Аталған жауапкершілік балаларға сексуалдық зорлық жасау фактілерін жасырып қалған мамандандырылған балалар мекемесінің қызметкерлері мен басшылырымен қатар баланың асыраушысы мен ата-анасына да жүктеледі.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы