386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда 170 отбасы баспаналы болды

  • 101
  • UPD: 15:55, 11.09.2019

Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 процент алғашқы жарнаға сертификат берілетін болды. Бұл жұмыстар қазан айынан басталады.

Сертификат бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған азаматтар мен өңірге аса қажетті мамандық иелеріне беріледі. Қазір денсаулық сақтау саласында мамандықтардың тізімі айқындалған. Осы арқылы дәрігерлерге баспана алуға жағдай жасап, кадр тапшылығын шешу көзделіп отыр. Жалпы аймақта «7-20-25» жобасы арқылы бүгінгі күнге дейін 170 отбасы баспаналы болған. 

Жайықбай Шалдаров, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Сертификат тек жаңа үйге ғана беріледі. Егерде әр адам басына табысы минимальный заработный плата 42 мыңнан асып кететін болса, ол сертификат әлеуметтік қолдау ретінде қайтарымды болып беріледі. Ал егер адам басына адам басына шаққанда жетпейтін болса ол әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беріледі.

Хабар 24 телеарнасы