Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады

  • 180
  • UPD: 16:37, 11.09.2019

Кәмелет жасына толмағандарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағандар 20 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылады.

«Зорлау және сексуалдық сипаттағы күш көрсету қылмысы үшін жауапкершілік күшейтіледі. Тіпті ауырлататын мән-жайлар болмағанның өзінде мұндай қылмыстар ауыр қылмысқа жатқызылады. Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстардың барлығына жаза қатаңдатылады», – деді ҚР бас прокурорының орынбасары Мұрат Ахметжанов Орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар зорлау фактілері туралы біле тұра хабарламағандар да жазаға тартылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылады.

Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодексті жетілдіре түсу мақсатында жаңа заң жобасы дайындалған болатын. Бұл жобаға қасақана жасалған ауыр қылмыстар мен аса ауыр қылмыстың жекелеген түрлеріне қолданылатын жазаларды қатаңдату бойынша өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде адам саудасы, әйелдер мен балаларға қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және зорлау, есірткі тасымалы, браконьерлік деректері ауыр қылмыстар қатарына енгізілді.

Бұған дейін кәмелетке толмаған балаларға жасалған жыныстық күш көрсету қылмыстарының дәлелдерін жасырғандар да жауапкершілікке тартылатынын хабарлағанбыз.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы