386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде аспалы көпірді жөндеу басталды

  • 107
  • UPD: 14:32, 11.09.2019
Семейде аспалы көпірді жөндеу басталды

Семейде 20 жылға жуық күрделі жөндеу көрмеген Ертістің үстімен өтетін аспалы көпірде ауқымды жұмыстар қолға алынып отыр.

Жалпы ұзындығы бір шақырымнан асатын нысан биыл облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасы қарамағынан қалалық әкімдікке өтті. Күтіп баптау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қазынадан 80 миллион теңге бөлінген. Қазір қыркүйек айының ортасына дейін тозығы жеткен асфальттар тазаланып, оның орнына сапасы жоғары жабын салынбақшы. Алдағы уақытта көпірді тәулік бойы онлайн тәртіпте қадағалайтын бейнебақылау камераларын орнату да жоспарда бар.

Айжан Өтенова, мердігер мекеме өкілі:

- Биыл біз бір жарым мың шаршы метрге сынақ ретінде асфальттің жаңа төзімді түрін салып көруді жоспарлап отырмыз. Егер ол қыстағы қатты аяз бен көктемдегі қар суына төтеп берсе, келесі жылы көпірдің барлық бөлігін жөндеу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы