384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды перзентханасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 335
  • UPD: 14:44, 11.09.2019
Қарағанды перзентханасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қарағанды қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерде облыстық перинаталдық орталыққа шағым түсірген.

Бұл олқылықтарды орталық басшылығы перзентханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеумен байланыстырып отыр. Жылына 4 мыңнан астам ананы босандырып алатын орталық 1965 жылы салынған. Осы уақытқа дейін мұнда күрделі жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Биыл қаражат бөлініп, патология, гинекология мен физиология бөлімдерінде жөндеу басталды дейді мекеме басшысы. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында сондай-ақ қабылдау бөлмесі де кеңейтілмек.

Данияр Әлмағамбетов, облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары:

- Жөндеу жұмыстары басырында су және кәріз жүйесі толық ауыстырылады, есік пен терезелар жаңартылады. Үш бөлімшенің ішіндегі барлық палаталар толық жөндеуден өтеді. Сонымен қатар орталықтың аумағын абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Келесі жылдың соңына дейін тапсыруды көздеп отырмыз.

Мадина Баграмова, қала тұрғыны:

- Жөндеу жұмыстары аяқталады,оның бәрі уақытша. Уақытша ыңғайсыздықа шыдауға болады. Бұл бүкіл облыстан аналарды қабылдап отырған мемлекеттік аурухана, барлығына бірдей жағдай жасалынып жатыр. Мұнда қаладан да, ауданнан да келеді.

Хабар 24 телеарнасы