387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады

  • 113
  • UPD: 16:32, 11.09.2019
<span class=favorites>Нұр-Сұлтан әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады</span> aeroport.kz

Елорда әуежайының ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 және 24 қыркүйек күндерін қоспағанда қыркүйектің 13-інен 30-ына дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық  әуежайының ұшу-қону жолағы  сағат 09:00-13:00  аралығында жоспарлы ағымдық жұмыстарға жабылады. Ұшу-қону жолағының аталған кезеңде жабылуы  сол уақыттардың аралығында орындалатын рейстер санының аз болуымен байланысты. Сол себепті ұшулардың орындалуына әсер етпейді. Енгізілген шектеулер жайында барлық мүдделі әуе компаниялары мен әуе кемелерін пайдаланушылар хабарланды», – делінген Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық  әуежайы таратқан ақпаратта.

Әуежай ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына байланысты туындаған  уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы