387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жаңа арбат ашылды

  • 139
Түркістанда жаңа арбат ашылды

Түркістан қаласында жаңа арбат ел игілігіне берілді.

Заманауи демалыс орнының ашылу салтанатына облыс пен қала әкімдері, облыстық ақсақалдар алқасы мен қалалық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Арбат демалыс орны шаһардағы халыққа жайлы әрі көрікті жерлердің бірі болмақ. Ғажайып нысанның ашылу салтанатында облыс басшысы халық саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс орындары әлі де ашылатынын, қала қарқынды дами түсетіндігін айтты. Салтанатты кешке келген халық әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнаған музыканттар мен актерлердің өнерлеріне тәнті болды. Арбаттың атмосферасын көрсететін әлемдік, қазақстандық авторлардың музыкалық шығармалары кештің ажарын ашты. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жері тегістеліп, бетон қабаты құйылды және гранит тас төселді. Сонымен қатар түрлі түсті шамдармен жарықтандырылған.

Хабар 24 телеарнасы