387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында үш жасар Максимді қылмыскердің қалай өлтіргені белгілі болды

  • 139
Қарағанды облысында үш жасар Максимді қылмыскердің қалай өлтіргені белгілі болды tengrinews.kz

Қарағанды облысының Бұрма ауылында тұрған үш жасар Максим Гарифуллинді қылмыскер аса қатыгездікпен өлтірген.

Сот-медициналық сараптамасының алдын ала жасаған қорытындысына сәйкес, сәбидің екінші және үшінші қабырғасы сынып, оң жақ өкпесі жыртылған. Бас сүйегі жарылған. Қаскөй баланың кеудесінен қатты затпен басып, қылқындырған. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 5-і күні Бұрма ауылында Игентай Сопыжанов тапа-тал түсте ауыл ішінде үш жасар сәбиді анасының қолынан тартып әкетіп, із суытқан еді. Екі тәуліктен соң Максимнің мәйіті тоғайдың арасынан табылды. Ал қылмыскер Қарағанды вокзалында ұсталған. Ол бұған дейін де мойнына кісі қанын жүктеп, 9 жылға сотталып, түрмеде отырған. Алайда төрт жарым жылдан соң шартты жазамен бостандыққа шыққан.

Вера Гервег, Максимнің әжесі:

– Оны адам деп айтудың өзі артық. Бір қарағанда бейкүнә жан сияқты көрінгенмен, іші толған қатігездік. Періштенің өлімін арқалап, қалай ғана жер басып жүр екен. Ойласам жүрегім қарс айырылады.

Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қылмыскерге қатысты жаңа мәліметтер ашылды

Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірді деген күдікті ұсталды

Қарағандыда ұрланған үш жасар бала өлі күйінде табылды

Қарағандыда 3 жасар бала ұрланды: Оны іздеуге 200 полицей тартылған

Хабар 24 телеарнасы