387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік келіншек алимент өндірудің жолын тапты

  • 127
Өскемендік келіншек алимент өндірудің жолын тапты Zakon.kz

Өскемендік келіншек алимент өндірудің жолын тапты.

Оның бұрынғы күйеуі 3 жыл бойы міндетті төлемді төлеуден жалтарып жүр. Осы жауапсыздығы үшін заңға сай, ол азаматтың автокөлігі тәркіленіп айыппұл тұрағына қойылған. Енді оны алимент төлеген соң ғана ала алады. Алайда тиісті көмекті күте-күте күздер үзген Фарида Темірғалиева заңның бүге-шігесіне үңіліп, айыппұл тұрағындағы бұрынғы күйеуінің көлігін бәссаудаға шығарған. Сөйтіп аса қымбатқа өткізбесе де, өзіне тиесілі 1 миллион теңгеден астам алиментті өндіріп алмақ.

Фарида Темірғалиева, қала тұрғыны:

– Автокөлік бәссаудаға түседі, әрине көлік қымбатқа өтсе, ол да жаман емес. Бірақ мен үшін ең бастысы осы уақытқа дейін жинақталған алимент сомасы яғни 1 120 000 теңгені өндіріп алсам болды. Солндықтан тура осы бағаға сатуға да әзірмін.

Рахат Әлімбеков, жеке сот орындаушысы:

– Борышкерге көліктің бағасы жазылған акт беріледі. Егер ол келіспеген жағдайда 10 күн ішінде келіп шағымданып, өзінің балама бағасын ұсына алады. Дегенмен біз қашан да екі тараптың бір мәмілеге келіп, ортақ тұжырымға тоқтауын қалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы