387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы сүт дауы: Кәсіпорын қызметкерлері шешіммен келіспей отыр

  • 118
Петропавлдағы сүт дауы: Кәсіпорын қызметкерлері шешіммен келіспей отыр MilkUA.info

Петропавл қаласындағы сүт зауытына Мәскеуден еуразиялық экономикалық одақтың арнайы мүшесі келеді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 5-інен бастап сүт өнімінен табылған ішек таяқшаларына байланысты Ресей нарығына шығуға уақытша тыйым салынған еді. Бірақ кәсіпорын қызметкерлері бұл шешіммен келіспей отыр. Олардың қолында Омбы қаласында жасалған дәл сондай зертхананың қорытындысы бар. Онда қауіпті бактерия табылмаған. Қазіргі таңда зауыт өнімі көрші елде сатылмайды.

Георгий Целых, сүт зауытының директоры:

– Олар анализді 4 зертханаға бергенімізді білмеді. Челябіде ішек таяқшалары бар деген қорытынды шығарылды. Қалғандарында оң шешім. Содан кейін тағы 9 рет апарып тексердік. Ішек таяқшалары табылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы