387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін заңсыз тексерулер әлі де бар

  • 119
Елімізде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін заңсыз тексерулер әлі де бар Финансовый анализ компании

Елімізде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін заңсыз тексерулер әлі де кездеседі.

Түптеп келгенде бұл бизнесті тұншықтыруға әкеліп соғады. Сондықтан бизнеске қосымша қолдау қажет. Сарапшылардың айтуынша, заңсыз тексерулер фитосанитариялық бақылау, темекі және алкоголь өнімдерін өткізу, көші-қон және нысандарды терроризмге қарсы қорғау салаларында болып отыр. Тексеру жүргізудің нақты тәртібінің жоқтығынан бизнес иелері негізсіз айыппұл төлеуге мәжбүр. Осы мәселені шешу үшін «Атамекен» ұлттық палатасындағы сарапшылар тобы жауапты мекемелерге «Кәсіпкерлік кодекске» өзгерістер енгізуді ұсынады. 

Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҰКП басқарушы диекторы:

– Кәсіпкерлік кодексінің қабылданғанына үш жылдан асты. Яғни оы ауыл шаруашылығы министрлігі, ішкі істер министрлігі осы кезге дейін тексеру тәртібін бекітпеген. Біздің ойымызша, бұл тікелей сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әрекет деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы