387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 145 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

  • 133
ШҚО-да 145 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

Шығыс Қазақстан облысында 145 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған.

Табысын жасырып, мемлекет тарапынан мұқтаж жандарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы алғандар енді ол ақшаны бюджетке қайтаруы тиіс. Бұған келіспесе, сотқа беріледі. Құзырлы органдар кәсіпкерлікпен айналысатын, жалақысы жақсы не басқа кіріс көзі бар адамдарды анықтаған. Атаулы әлеуметтік көмекке ие болу үшін жұмыстан шығып, қорадағы малын азайтқан тұрғындар да аз емес. Облыста биыл сәуір айынан бері атаулы әлеуметтік көмек 18 мыңдай отбасыға тағайындалды. Қаржылай көмектің тек мұқтаж отбасыларға берілуін әр қала мен ауданда құрылған арнайы комиссия қадағалайды.

Бұлбұл Құсманова, облыстық жұмыспен қамту және ӘБ үйлестіру басқармасының бас маманы:

– Бүгінге дейін 145 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беруді тоқтаттық. Өйткені жылдың бірінші тоқсанында оларға 10 процент міндетті зейнетақы жарна аударылған. Ал сәуір айында құжат тапсырғанда бұл табыстары көрінбеді. Кейін бәрін тексеріп, бұл отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек берілмейтіні анықталды. Ал бұған дейін алған ақшаны олар қайтару керек.

Хабар 24 телеарнасы