387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Поэзия патшайымы Ф.Оңғарсынованың туғанына – 80 жыл

  • 160
Поэзия патшайымы Ф.Оңғарсынованың туғанына – 80 жыл

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері артына өлмейтұғын мұра қадырған Фариза Оңғарсынованы жыр сүйер қауым ұмытпасы анық.

Бүгін поэзия падишасының туған жері Атырау облысында 80 жылдық мерейтой құрметіне арналған мәдени шаралар апталығы басталды. Атырауға арнайы келген ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Сондай-ақ алдағы күндері Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған сахналық қойылымдар қойылып, оның өлеңдеріне жазылған әндерден тұратын үлкен концерт өтеді.

Ұлықбек Есдәулет, ақын, ҚР жазушылар одағының төрағасы:

– Қайсарлық, қажыр-қайрат, ұсақтық пен күншілдік, бір күйкілік деген нәрселерді шенеу, қоғамның көлеңкелі жақтарын кәдімгі қылышпен қақ айырып көрсеткендей сойып салу, өткір тіл – бұл кісінің поэзиясына тән.

Хабар 24 телеарнасы