387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық полицейлер патриоттық ән шырқаудан жарысты

  • 131
Қазақстандық полицейлер патриоттық ән шырқаудан жарысты

Ел ішіндегі қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалайтын полицейлер Сыр өңірінде өнер жарыстырды.

«Әр жүректе – туған жер!» атты өңірлік патриоттық арт-фестивальға 5 облыс және Нұр-Сұлтан қаласынан 30 шақты өнерлі жас маман қатысты. Қазылар алқасы орындаушылық шеберліктен бөлек әннің мазмұнына ерекше көңіл бөлді. 3 бөліктен тұратын сайыста өнерпаздар ұлтжандылыққа шақырып, рухты серпілтер туындылар шырқады. «Дуэт» номинациясы бойынша «Қазақ елі» әнін орындаған Атырау облысының полицейлері үздік шықты. Ал трио сынында сырбойылық тәртіп сақшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Квартеттер сайысында Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысы Полиция департаменттерінің қызметкерлері топ жарды. Өңірлік байқаудың жеңімпаздары алдағы қазан айында Солтүстік Қазақстан облысында өтетін республикалық қорытынды фестивальға жолдама алды.

Хабар 24 телеарнасы