385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда шағынаудан тұрғындары қалалық сәулет бөлімін сотқа берді

  • 84
  • UPD: 10:31, 12.09.2019
Оралда шағынаудан тұрғындары қалалық сәулет бөлімін сотқа берді

Оралда «Құрылысшы» шағын ауданындағы №39 және 29 үйлердің тұрғындары қалалық сәулет бөлімімен соттасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар екі тұрғынжайдың ортасына жаңа көпқабатты үйдің салынуына қарсы. «Бұл - ауланы тарылтып, балаларға ойнайтын жер қалдырмайды», - дейді тұрғындар. Ал әкімдік өкілдері бос жатқан жердің жаңа ғимарат салуға жеткілікті екенін, үйлердің арақашықтығы құрылыс нормалары мен ережелеріне толық сай келетінін айтады. Жер телімі көктемде қала әкімінің қаулысымен «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына берілген болатын. Келешекте бұл орында мемлекеттік бағдарлама бойынша 5 қабатты тұрғын үй бой көтермек.

Ағила Қадырғалиева, №29 үйдің тұрғыны:

Жаздан бастап мында келіп үй құрамыз дейді. Бір жағынан мына үйді жауып қояды, қараңғы болады. Сосын балаларға ойнайтын жер жоқ. Ол дұрыс емес, мен қарсымын. Осы үйдің тұрғындары бәріміз қарсымыз.

Теміржан Шәкіржанов, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Белгілі бір ғимаратты жоспарламас бұрын барлық нормалар ескеріледі. №29 және 39 үйлердің арасындағы жер көлемі жеткілікті. Жер телімі қаланың бас жоспарына сәйкес берілді. Тұрғындар рәсімдеген кондоминиумға бос жатқан жер телімі кірмейді. Келешекте жаңа үй салынған соң ол жерлер абаттандырылып, ойын алаңы салынады.

Хабар 24 телеарнасы