387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Түркістандағы өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаларға лайық

  • 144
  • UPD: 08:21, 12.09.2019
Қ.Тоқаев: Түркістандағы өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаларға лайық ТЖК

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тіледі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық» делінген хабарламада.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Түркістан қаласында орналасқан »Royal Grand« қонақүйінде орын өрт шығып, салдарынан барлығы 11 адам зардап шеккен.

Хабар 24 телеарнасы