387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде полицейлер арасында патриоттық арт-фестиваль өтті

  • 116
  • UPD: 10:10, 12.09.2019
Сыр өңірінде полицейлер арасында патриоттық арт-фестиваль өтті

Ел ішіндегі қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалайтын полицейлер Сыр өңірінде өнер жарыстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әр жүректе – туған жер!» атты өңірлік патриоттық арт-фестивальға 5 облыс және Нұр-Сұлтан қаласынан 30 шақты өнерлі жас маман қатысты. Қазылар алқасы орындаушылық шеберліктен бөлек әннің мазмұнына ерекше көңіл бөлді. 3 бөліктен тұратын сайыста өнерпаздар ұлтжандылыққа шақырып, рухты серпілтер туындылар шырқады. Дуэт номинациясы бойынша «Қазақ елі» әнін орындаған Атырау облысының полицейлері үздік шықты. Ал трио сынында сырбойылық тәртіп сақшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Квартеттер сайысында Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысы Полиция департаменттерінің қызметкерлері топ жарды. Өңірлік байқаудың жеңімпаздары алдағы қазан айында Солтүстік Қазақстан облысында өтетін республикалық қорытынды фестивальға жолдама алды.

Фазылбек Нәлібаев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:

- Елбасымыздың өзі спортқа, мәдениетке бірінші кезекте көңіл бөліп отыр. Біздің департаментте жалпы мәдениетке деген бетбұрыс оң. Фестиваль мақсаты ішкі істер министрлігіндегі жас қызметкерлердің имиджін көтеру.

Хабар 24 телеарнасы