385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында көмірге тапсырыс онлайн қабылданып жатыр

  • 106
  • UPD: 11:26, 12.09.2019
Қарағанды облысында көмірге тапсырыс онлайн қабылданып жатыр elorda.info

Қарағанды облысында көмір сатып алушылар арасында дүрлігуді болдырмау мақсатында қатты отынды онлайн түрде рәсімдеу үшін арнайы сайт ашылды.

Бұл туралы Елорда Инфо NV.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында Шұбаркөл көмірін делдалдарсыз сататын 7543.kz сайты ашылды. Бұл қысқы жылыту маусымына дайындық кезінде халықтың арасында дүрбелең болдырмау мақсатында жасалып отырған шара.

Онлайн тапсырыс бойынша көмірдің тоннасы 10 мың теңгеден. Сонымен қатар жеткізіп беру құны 5 мың теңгеден басталады.  

Хабар 24 телеарнасы