385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Қазақстан машина құрастырушыларының VII форумы өтіп жатыр

  • 98
  • UPD: 12:57, 12.09.2019

Дәл қазір елордада Қазақстан машина құрастырушыларының VII форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы жиынның тақырыбы – «Машина құрастыру – Қазақстанды индустрияландырудың драйвері» деп аталады . Форумның күн тәртібі қандай?

Биылғы форумның бірнеше мақсаты бар. Олардың ішіндегі ең бастысы – заман ағымын дөп басып, саланы қазіргі заманға бейімдеу. Жалпы жиынға қатысушылар 2019-2024 жылдарға арналған жол картаны негізге ала отырып, отандық машина құрастыру ісін дамытудың жолдарын іздейді. Сондай-ақ импортты алмастыру, жас мамандарды қолдап, ынталандыру, кәсіпорындарды цифрландыру сияқты мәселелер де бүгінгі форумда талқыланады. Жиынның ресми бөлігі басталмай тұрып салада ұзақ жыл еңбек еткен 20-дан астам маман марапатталды. Оларға «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісі табысталды.

Қабден Алпысбаев, «Құрметті машина құрастырушы» төсбелгісінің иегері:

- Жалпы қазір форум аясында пленарлық отырыс өтіп жатыр. Бұдан бөлек, бүгінге біз айтқан тақырыптар бойынша панельдік сессиялар жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы