386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Скляр машина жасау саласының үздіктерін марапаттады

  • 104
  • UPD: 14:25, 12.09.2019
Р.Скляр машина жасау саласының үздіктерін марапаттады

Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы аясында құрмет төсбелгілерімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды miid.gov.kz сайты.

Биыл І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», «Құрметті машина жасаушы», «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері», «Құрметті металлург», «Құрметті кенші», «Кенші даңқы» І, ІІ, ІІІ дәрежелі төсбелгілерін, сондай-ақ І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгілерін машина жасау саласының үздік 30 қызметкері алды.

Ведомство басшысы барлық төсбелгі алушыларды шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық, өркендеп өсу және олардың қиын да күрделі істерінде мол табыстар тіледі.

Қазақстан машина жасаушыларының VII форумын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен  Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды.

Биылғы форумның тақырыбы: «Машина жасау - Қазақстанды индустрияландырудың драйвері!».

Хабар 24 телеарнасы