386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыныстық күш көрсетудің әрбір екінші жағдайын баланың өз ортасындағы адамдар жасайды – ІІМ

  • 85
Жыныстық күш көрсетудің әрбір екінші жағдайын баланың өз ортасындағы адамдар жасайды – ІІМ regnum.ru

Елімізде жыл басынан бері 8 ай ішінде кәмелетке толмағанға жыныстық күш көрсету бойынша 589 іс тіркелген.

Қазіргі уақытта түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық көрсеткені үшін 1,5 мың адам отыр.

«Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы 589 қылмыс тіркелді. Әрбір осындай екінші қылмыс пәтерлерде, үйлерде, жатақханаларда және 77% (358 қылмыс) жақын ортасындағы адамдардың қатысуымен жасалады. Яғни өгей әкесі, көңілдесі, туысқандары, көршілері және таныстары болуы мүмкін», – деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ баспасөз маслихатында.

Ал жыл сайын 40 мыңнан астам ата-ана мен олардың заңды өкілдері кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерінің бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ полиция органдарының ұсынымхатымен жыл сайын мыңға жуық ата-ана құқығынан айырылады және ата-ана құқығы шектеледі.

Хабар 24 телеарнасы