385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министрлер Түркістанда жарылыстан жараланғандардың жағдайын білді

  • 105
  • UPD: 18:17, 12.09.2019

Еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына барып, жарылыстан зардап шеккен науқастардың халін білді.

Олар алдымен өрт сөндірушілер ем қабылдап жатқан қалалық орталық ауруханаға бас сұқты. Қазір онда 10 қыркүйектегі жарылыстан күйіп қалған 5 өрт сөндіруші жатыр. Аурухана бас дәрігері Жанболат Ділдәбековтың айтуынша, терісін күйік шалған үш науқас травматология бөліміне түскен. Бір пациент жансақтау бөлімінде. Қазір науқастардың жағдайы жақсы. Денсаулық сақтау министрі қажет болса, азаматтарға республикалық клиникалардан көмек көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Түркістан қаласында газ баллоны тиелген көлік жарылып, салдарынан 11 адам жараланған болатын. Алты науқас амбулаторлық ем алса, 5-еуі ауруханаға жатқызылды.

Хабар 24 телеарнасы