385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҰҚК елордада арнайы операция өткізді

  • 122
  • UPD: 17:43, 12.09.2019
ҚР ҰҚК елордада арнайы операция өткізді

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін Toyota маркалы автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталған.

Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқдәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқдәрісі бар травматикалық тапанша табылды.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақпарат көзі: ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы