389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл түрлі төтенше оқиғадан 286 бала қайтыс болған

  • 183
  • UPD: 20:39, 12.09.2019

Жеткіншектерге жыныстық зорлық көрсеткен немесе соған әрекет жасаған 1 жарым мың адам темір тордың ар жағында отыр. Әрбір екінші қылмысты баланың жақыны жасайды.

Өткен 8 айда жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсету бойынша 600-ге жуық қылмыс тіркелген. Осы орайда қылмыстық заңнаманы жетілдіру жөнінде заң жобасы әзірленіп жатыр. Яғни балаға зорлық көрсеткендерге жаза қатаңдайды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Жыл сайын 40 мың ата-ана немесе жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Олар баланың құқығын бұзғандар немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмағандар. Ал ойын баласының әрнәрсеге ұрынатыны белгілі. Жыл сайын 100 мың жасөспірім құқық бұзғаны үшін полиция бөлімдеріне жеткізіледі. Өкінішке орай, жыл басынан бері 286 бала түрлі төтенше жағдай кезінде қайтыс болған.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Ата-ананың қарауынсыз қалған балалар суға шомылу кезінде немесе өрт кезінде жазым болады. Жол қауіпсіздігін сақтамау салдары да осыған әкеледі. Биыл балалардың қатысуымен 2,5 мың жол көлік оқиғасы тіркелді. Онда 146 бала қаза тауып, 2 мыңнан астам бала жарақат алды. Осыған байланысты, оқу орындары орналасқан жерлерде жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдар орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы