386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Интернетте баланы азғырумен айналысатын 58 топ анықталды

  • 141
  • UPD: 20:01, 12.09.2019
Интернетте баланы азғырумен айналысатын 58 топ анықталды

Солтүстік қазақстандық прокурорлар жыл басынан бері әлеуметтік желіде балаларды өз-өзіне қол салуға және жыныстық қатынасқа түсуге үгіттейтін 58 топты жапты.

Онда 24 мыңнан астам жасөспірім тіркелген. Қадағалаушы орган қызметкерлерінің айтуынша, бұл кәмілеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Статистикаға сүйенсек, биыл зорлық-зомбылық деректері 14 процентке азайған.

Ғани Жалби, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:

- Мысал ретінде айтатын болсақ, облыс бойынша биылғы жылы жыныстық қылмыстар 57-ден 53-ке дейін азайған. Оның ішінде кәмілеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстар 27-ден 21-ге азайған.

Хабар 24 телеарнасы