387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде елімізде алғаш рет оқушылар үшін карталық жүйе енгізілмек

  • 103
  • UPD: 21:35, 12.09.2019

Елімізде алғаш болып, ақтөбелік мектептерде карталық жүйе енгізіледі. Қазір тиісті жобалау-талқылау жұмыстары аяқталуға жақын.

Әзірге пилоттық режимде үш білім ұясын іске қосу көзделіп отыр. Картаның көмегімен оқушылар мектептегі турникеттен өтеді және асханада тамақтана алады. Ал қазан айынан бастап, қоғамдық көлікте де қолдануға мүмкіндік тумақ. «Бұл аталған қызмет түрлерін қолма-қол ақшасыз жүргізуге септігін тигізеді» дейді мамандар. Жоба еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Қазпошта» АҚ және Ақтөбе қаласы әкімдігі арасында қол қойылған үш жақты меморандум аясында іске асқалы отыр. Жыл соңына дейін қаладағы барлық 84 мектепті карталық жүйеге көшіру жоспарда бар. Бұл оқушылардың қауіпсіздігін де қамтамасыз етпек.

Аманат Рахимов, қалалық ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Болашақта «күнделік» ақпараттық жүйесін турникеттермен ықпалдастыру жұмыстары жүргізілуде. «Күнделік» ақпараттық жүйесінің мобилдік қосымшасында уведомление келеді ата-аналарға, сол арқылы балаларының мектепке кірген шыққанын бақылап отырады. Және де барлық оқушылар бұл карта арқылы тамақтанады. Ата-аналар мобильдік қосымшалар арқылы балаларының тамақ ішкендігі бойынша бақылап отырады.

Хабар 24 телеарнасы