389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Eurasian Fashion Week» сән апталығы басталды

  • 193
  • UPD: 22:15, 12.09.2019
Алматыда «Eurasian Fashion Week» сән апталығы басталды

Алматыда «Eurasian Fashion Week» атты сән апталығы басталды. Шараның мақсаты еліміздегі жеңіл өнеркәсіпті қолдау және жас сәнгерлер мен дизайнерлердің киім үлгілерін насихаттау.

Халықаралық жиынға әлемнің 6 елінен 28 дизайнер қатысып, өздерінің киім үлгілерін  көпшілікке таныстырды. Сұлулық пен көркемдік, үйлесім мен жарасымдық салтанат құрған апталықта арулар заманауи сән үлгісінен қалыспайтын жандарды тәнті етті. Ал кілең қыз-келіншектердің арасында жалғыз ер азамат – қырғызстандық Мақсат Жұрғабекұлы жас дизайнер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Сән апталығы аясында бет әрлеуші, шаштараз мамандары жастарға шеберліктерін көрсетті.

Ирина Байжанова, ұйымдастырушы:

- Ким кию үлгісі үнемі өзгеріп тұрады. Бұл жеңіл өнеркәісіпке жатады. Біз жас сәнгерлер мен тігіншілерді қолдауға тырысамыз. Ол үшін мемлекеттік бағдарламалар бар. Оның аясында  белгілі дизайнерлер  шетелде оқуға, әлемдік сән апталықтарына қатысуға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы