386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда екінші қабаттан секірген оқушының ата-анасы ешкімді кінәламайды

  • 153
  • UPD: 22:39, 12.09.2019

«Баламыздың екінші қабаттан секіріп кетуіне біз ешкімді кінәламаймыз» дейді оқушының ата-анасы. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыдағы №80 жалпы білім беретін мектептептің 1-сынып оқушысы  екінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен болатын. Екі топқа бөлініп оқытылатын қазақ тілі сабағы аяқталған кезде пән мұғалімі оқушыларды өз сыныптарына апарған. Ал бір бала партаның астына жасырынып, кабинетте қалып қойған. Оқушыларының бірі жоқ екенін байқаған сынып жетекшісі баланы қазақ тілі кабинетінен іздейді. Бірақ бұл сәтте 6 жасар бала  ектептің екінші қабатынан секіріп үлгірген. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген оқушының қазіргі жағдайы орташа дейді, дәрігерлер. Ал ата-анасы болса, мектеп ұжымына қояр кінәміз жоқ, бұл балалық деп отыр. Бірінші сынып оқушыларының қауіпсіздігі үшін олардың оқу бөлмесін бірінші қабатта орналастыруға болмас па деп, мектеп директорына сауал қойған едік.

Әйгерім Баекенова, №80 жалпы білім беретін мектептің директоры:

- Көптеген  пәндер бөлініп оқытылады білесіздер. Мына қазақ тілі пәні аптасына 5 сағат бөлініп оқытылатындықтан,  біз міндетті  түрде бір сыныпты екі топқа бөлеміз. Сондықтан да жаңағы бірінші сыныптарды мен 1-қабатқа отырғызсам да олар  екінші қабатқа қазақ тілі пәніне, кабинетке келеді. Басқа амал жоқ.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша, бұл биылғы  оқу жылында болған бірінші жағдай. Ал былтыр мектеп қабырғасында 17 бала түрлі оқыс оқиғаға тап болған. Олардың дені дене шынықтыру сабағында жарақат алғандар екен.

Хабар 24 телеарнасы