389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік баспана кезегіне тұрғандар саны артты

  • 244
  • UPD: 23:36, 12.09.2019
Әлеуметтік баспана кезегіне тұрғандар саны артты

Бүгінде әлеуметтік баспана алу үшін әкімдіктердегі кезекке тұрғандар саны 3,5 есеге артқан. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа отырысында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.

Жайымбетовтің айтуынша, 2012 жылы 147 мың адам кезекте тұрған болса, биыл бұл көрсеткіш 512 мың адамға жеткен. Мұның себебін халықтың еңбек миграциясы легінің көбеюімен түсіндірді. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасындағы баспана қолжетімділігін қалай арттыруға болатынын айтты. Мысалы, табысы жоқ немесе табысы кедейлік шегінен төмен тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана берілу жоспарда бар. Тек мұнда халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі арасында іріктеу жүреді.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:

- Елімізде тұрғын үй қорының көбейгеніне қарамастан, қолжетімді баспана мәселесі әлі де өзекті болып қала береді. Ең алдымен бұл халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне қатысты. «7-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің несиелік баспанасына ең төменгі еңбекақының екі есе көлеміне, яғни 85 мың теңгеге дейін табыс табатын қазақстандықтар өтініш бере алады.

Хабар 24 телеарнасы