387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарашадан бастап алматылық жастарға тұрғын үйлер жалға беріле бастайды

  • 150
Қарашадан бастап алматылық жастарға тұрғын үйлер жалға беріле бастайды Elorda Aqparat

Осы жылдың қараша айынан бастап алматылық жастарға тұрғын үйлер жалға беріле бастайды.

Баспана алудың шарттарын қала әкімшілігінде тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары түсіндірді. Яғни 29 жасқа дейінгі жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз Алатау ауданына қарасты Көкқайнар және Саялы-2 ықшам ауданында бой көтерген жаңа үйлерден 5 жылға баспана алатын мүмкіндік бар. Бұл бағдарламаның тиімділігі сол, жастар арзан бағаға пәтер жалдап, бес жылда өз баспанасына қаржы жинауға мүмкіндігі болады, - дейді мамандар. Жоспарға сәйкес бір бөлмелі 249 пәтердің кілті қазан айының соңында табысталады. Өтініш берушілер қалада тіркеуде болуы шарт және баспанасы болмауы тиіс. Құжаттарды қабылдау 23 қыркүйектен басталып, 6 қазанға дейін жалғасады.

Айбек Сайділдаев, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы бастығының м.а.

– Өтініш берушіге қажетті құжттарды айтар болсам: жеке және неке куәлігінің, сондай-ақ балаларының туу туралы куәлігі мен диплом көшірмесін, жылжымайтын мүлкі жоқтығын, жұмыс істейтіндігін растайтын және соңғы алты ай ішіндегі табысы көрсетілген анықтама алуы қажет. Кірісі 101 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар банк шотының болуы ескеріледі, ондағы ақшаның соммасы әрі қанша және қалай қаржы салынатындығы да назарға алынады.

Хабар 24 телеарнасы