389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Zhas Project» жобасы аясында 700 жас жұмыспен қамтылған

  • 232
  • UPD: 07:50, 13.09.2019
БҚО-да «Zhas Project» жобасы аясында 700 жас жұмыспен қамтылған

Жастар жылына орай биыл алты өңірде «Zhas Project» жобасы жүзеге асуда. Соның бірі - Батыс Қазақстан.

Облыс бойынша 771 жоба ұсынылса, соның 217-і мақұлданып, күні бүгін 700-ге жуық жас жұмыспен қамтылған. Шалғайдағы Жәнібек ауданы жастары да мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отыр. Ауданда 10 жоба іріктеліпті. Әрқайсысы үш адамнан құралған топтарға 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз көмек берілген. Есесіне, сол топтар 6 ай бойы өз бағыттарына сәйкес әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуға міндетті. Мәселен, Ерлан Мәмбетов өз ауласынан екі шағын жылыжай салған. Көкөніс өсірудің қыр-сырын Түркістан облысынан үйреніп келіпті. Алғашқы өнімді ауылдастарына тегін таратса, кейін отбасылық кәсібін кеңейтіп, пайдаға кенелуді көздеп отыр.   

Ерлан Мәмбетов, жас кәсіпкер:

– Грант ұту басты мақсатымыз болды. 500 мың алып, жұмысымызды бастап жатырмыз. Екі жылыжайға 300 түп отырғызып қойдым.

Мөлдір Әбдірешева, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Бұл жобадан күтетін нәтиже іріктеуден өткен жеңімпаздар әлеуметтік топтарға, яғни осал топтарға және аз қамтылған отасыларға өз көмектерін көрсетіп, кәсіптерін әрі қарай дамыту болып табылады. Қазіргі таңда жұмыссыздық деңгейін азайтуға жоба үлесін қосып отыр.

Хабар 24 телеарнасы