387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қымбат медициналық зерттеулер енді тегін жүргізіледі

  • 136
Қымбат медициналық зерттеулер енді тегін жүргізіледі voronezh.med.firmika.ru

Қызылорда облыстық кардиоорталығында 10 жыл ішінде жүрекке 2 мың операция жасалды.

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен бұл көрсеткіштер арта түспек. Өйткені жаңа бағдарламаның жүзеге асырылуы халыққа ем-дом көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталып отыр. Медициналық қызметтің ең қымбат түрі – жүрек хирургиясы. Бір науқастың операциясына мемлекеттен 7 миллион теңге қаржы бөлінеді. Ал нақты диагноз қойылып, пышаққа түскенге дейінгі зерттеулерді науқас өз қалтасынан төлеуі тиіс еді. Енді ол тегін жүргізіледі. Бұл мақсатқа алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллион теңгеден астам қаражат бағытталады.

Берік Дәуітбаев, ОМО кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

– Барлық дамыған мемлекеттерде осындай сақтандыру бар екен. Медицина саласына қаражат көбейеді. Бұрын осы уақытқа дейін қымбат зерттеулер ақылы болатын. Осы бағдарламада тегін болады. Емхана жолдама берсе, зерттеулер тегін түсіріледі.

Хабар 24 телеарнасы