389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда ядролық сынақ салдарынан екі қолсыз туған қазақстандық суретшінің көрмесі өтті

  • 230
Лондонда ядролық сынақ салдарынан екі қолсыз туған қазақстандық суретшінің көрмесі өтті

Лондонда халықаралық антиядролық қозғалысының белсендісі, қазақстандық Кәріпбек Күйіковтың көрмесі өтті.

Ядролық сынақтардың салдарынан екі қолсыз туған суретшінің еңбектерін көруге біраз лондондық жиналды. Белсенді өз жұмыстары арқылы қоғамның назарын ядролық қаруға аударады және әлемді жаппай қарусыздандыруға шақырады. Айта кету керек, биометриялық ақпараттың, яғни саусақ іздерінің болмауына байланысты алғашқыда суретшіге виза берілмеген еді. Кейін Ұлыбритания елшілігі одан кешірім сұрады. Нәтижесінде Кәріпбек Күйіков сурет көрмесін Корольдік Автомобиль клубында және Ұлыбритания Парламентінде өткізді. Қонақтар қатарында депутаттар, Қазақстан мен Ұлыбритания дипломатиялық корпустары және БАҚ өкілдері болды. Олардың барлығы Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау бағытындағы бастамаларын жоғары бағалады.

Баронесса Сьюзан Миллер, Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі:

– Менің ойымша, ядролық қаруды сынаудың қауіп-қатері мен салдары туралы халықаралық жұртшылықты хабардар етуде Қазақстан көп жетістікке жетті. Әсіресе, Кәріпбек бұл іске жеке үлесін қосқан адам деуге болады. 

Кәріпбек Күйіков, атом жобасының құрметті елшісі:

– Бүгін Лондондамыз. Бұл бүкіл әлем құлақ асатын ел, бүкіл әлем мұнда не болып жатқанынан хабардар. Менің ойымша, мұнда айтылған пікіріміз көптің құлағына жетеді.

Хабар 24 телеарнасы