385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық кәсіпкерлер ЕАЭО нарығына шығу кезінде қандай мәселелерге тап болады

  • 152
Отандық кәсіпкерлер ЕАЭО нарығына шығу кезінде қандай мәселелерге тап болады inbusiness.kz

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығына шығу кезінде отандық кәсіпкерлер қандай проблемаларға тап болады?

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен қазақстандық бизнесмендер тап болатын кедергілерді шешу мәселелері талқыланды.

«Қазіргі уақытта тауарларды экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығына шығаруда біраз кедергілер бар және олардың жартысы заңды болса, жартысы заңсыз», – деді ЕЭК Алқасы бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының мүшесі Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар отандық кәсіпкерлер Ресей арқылы Қазақстанға кіретін бүкіл жүк Ресей аумағына кірерде және шығарда бірнеше рет кедендік тексерістен өтетінін де айтып өтті. Бұл жүк тасымалының түпкі құнының өсуіне әсерін тигізіп отыр.

Сыртқы нарыққа шығуда кездесетін заңсыз кедергілермен қалай күресуге болады?

«Бұл тұрғыда арыз жазу керек. Осы орайда бұл шағымдар қаралып, комиссияға шығарылады. Кедергі жасап отырған мемлекетке қатысты шешім қабылданады. Бұл шешімді олар үш айдың ішінде орындауы тиіс. Ал орындамаса, кеңестің қарауына ұсынамыз. Бұл тұрғыда жоғары деңгейде талқыланады», – деді Серік Жұманғарин.

Сондай ақ, бірінші кезекте нормаларды бұзған тарапқа кедергілерді жоюға мүмкіндік беріледі.

«Егер де сол тарап біздің уәжбен келіссе, онда іс қозғалмайды. Ал егер қалыптасқан жағдайды дұрыстамаса, тексеру шаралары жүргізіледі», – деді С.Жұманғарин.

Авторы: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы