387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 200-ден астам қызметкер қажет

  • 160
Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 200-ден астам қызметкер қажет

Ақтөбе облысында тергеушілер мен учаскелік инспекторларға сұраныс мол.

Сондай-ақ өзге де бөлімдерде мамандар тапшылығы бар. Жалпы бос орындар кейбір қызметкерлердің зейнеткерлікке шығуы, енді бірқатарының офицерлік құрамға өтуінен туындаған. Департамент басшылығы бұл орайда білімді, жауапкершілігі мол жастарға баса көңіл бөлуде. Қалада үш бірдей жоғарғы оқу орнының студенттермен кездесіп, оларға ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау тәртібі түсіндірілді. Ал мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері тестілеуден өту талаптарын айтып берді. Елімізде полицейлерге қарастырылған әлеуметтік жеңілдіктер де баяндалды.

Жақсылық Нысаналин, облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы:

– Жалпы мемлекеттік қызметшілердің айлық жалақысы көбейіп жатыр. Соның ішінде айлықпен қоса, арнаулы атақтар өскен сайын төлемақылар төленеді. Міне, шілде айынан бастап жастар көп қызмет атқаратын патрульдік полиция, учаскелік полиция инспекторлары, кәмілет толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторларына пәтер жалға алғаны үшін өтемақылар төленетін болып, қазір құжаттарын тапсырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы