385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ өкілі менингококк инфекциясының өршу себептерін атады

  • 165
  • UPD: 17:24, 13.09.2019
ҚР ДСМ өкілі менингококк инфекциясының өршу себептерін атады Закон.кз

Жыл басынан бері менингококк жұқпасының расталған 48 жағдайы тіркелген. 

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Қазір уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

«Менингококтық инфекцияның өршу себептерінің бірі өткен жылы халықтың медициналық көмекке, өзін-өзі емдеуге жүгінуі болды. Дер кезінде эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында менингококк инфекциясын жұқтыру жағдайлары орын алған жоқ», – деді Л.Бюрабекова.

Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың көпжылдық орташа деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 2,1-ді құрайды, бұл ретте қазіргі уақытта Қазақстанда сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 0,2-ді құрап отыр.

Авторы: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы