385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Media Week аясында YouTube-тың қазақ тілді сегменті мәселесі талқыланды

  • 221
  • UPD: 19:24, 13.09.2019

Елордадағы «Қазмедиа» орталығында «Астана» медиа-апталығының соңғы үшінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күнге жоспарланған жиындарда негізінен интернет платформалар мен жарнамалар туралы айтылды. Панельдік сессияларда бұдан бөлек тағы қандай мәселелер көтерілді?

«Астана» медиа-апталығында әлеуметтік желілерге, әсіресе YouTube-қа ерекше мән берілуі тегін емес. Себебі, әлемде ең көп талқыланатын бейнероликтер, музыкалық клиптер, сериалдар, бағдарламалар, тіпті жаңалықтар да осы интернет платформада. Мәселен, YouTube-та жарияланып, рекорд орнатқан видеоны 6 миллиард 400 миллион адам көріпті. Міне, осы сандардан-ақ аудиторияның ауқымын байқауға болады. Айтпақшы, бұл платформада өз арнасын жүргізетін қолданушыларды ынталандыру үшін бірқатар айрықша белгілер қарастырылған. Мәселен, кем дегенде 1 миллион оқырманы барларға алтын батырма беріледі. Бұл белгіні иеленгендердің арасында «Хабар» арнасы да бар

Бүгін апталық аясында YouTube-тың қазақ тілді сегменті, классикалық журналистиканың сандық платформаға өтуі сияқты мәселер талқыланды. Бұдан бөлек, оқырманы көп интенет арналарды табыс көзіне айналдыру да сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы