389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 82 заңсыз ойын мекемесінің жолы кесілді

  • 214
Қарағанды облысында 82 заңсыз ойын мекемесінің жолы кесілді

Қарағанды облысында жыл басынан бері 82 заңсыз ойын мекемесінің жолы кесілді, олардың екеуі – ойынхана.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов хабарлады.

«Жыл басынан бері облыста 82 астыртын ойын мекемесінің және 2 онлайн-казиноның жұмысы тоқтатылды. 228 терминал, 500-ке жуық оргтехника және 4,3 млн теңге тәркіленді. Жалпы көлеңкелі бизнеспен күрес жүйелі түрде жалғасатын болады», – деп жазды әкім.

Хабар 24 телеарнасы