Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бүгінде 18 қан орталығы жұмыс істейді

  • 201
  • UPD: 19:28, 13.09.2019

Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері.

Таразда Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты елдердің мамандары бас қосып, қан қызметінің инновациялық бағыттары бойынша тәжірибе алмасып жатыр. Олар донорлық қан құю саласына үздік тәжірибені енгізудің жаңа мүмкіндіктерімен бөліседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Ғылыми-тәжірибелік конференцияның негізгі мақсаты – еліміздегі қан қызметі саласын жетілдіруге бағыттылаған. Бұл істе отандық және шетелдік үздік мамандардың тәжірибе бөлісуі аса маңызды. Жиында қан компоненттерін әзірлеу, оны инфекциялық қауіпсіз ету үшін сапалы қызмет көрсетілу мәселелері қозғалып отыр.

Елімізде бүгінде 18 қан орталығы жұмыс істейді. Онда жылына 270 мың донор қан тапсырады. Оның 60%-і кемінде екі рет барып өткізгендер. Ал өткен жылы 328 мың мұқтаж жанға қан құйылыпты. «Бұл ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш», - дейді дәрігерлер. Ал енді осы процестерді барынша қауіпсіз ету жауапты міндет. Бүгінгі басқосуда беделді сарапшылар гемотрансфузия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қан қызметіндегі процестерді ақпараттандыру, қан жүйесінің онкологиялық аурулары кезінде донорлық тіркеу сияқты өзекті мәселелерді талқыға салды. Шараға белсенді донорлар да тартылған. Жалпы еліміздің аумағынан 140 маман арнайы келіп қатысты.

Салтанат Досжанова, облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі:

- Қан сапасын жоғарылату бізде қалай жүргізіліп жатыр? Жалпы мысалға бізде 100%-тік лейкофильтрация жүргізіледі. Және вирусинактивация. Яғни қандағы мүмкін болатын гемотрансмиссивті инфекцияны біз жоя отырып, сапалы және қауіпсіз қанды беруіміз керек. Соны біз әрі қарай дамытуымыз керек. Осы конференция бізге жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қанат Сембекұлы, донор:

- Адам өмірін сақтау қалу әр азаматтың борышы шығар. Қанның құрамынан тромбоцит қабылдайды. Өткіземіз. Айына бір рет шақырады. Кез келген уақытта. 90% мен тапсырған қаным тромбоцит. Кішкентай балаларға кетті. Бізге солай айтатын тапсырған кезде.

Жамбыл облысында соңғы үш жылдың ішінде қан қызметі 80 мыңнан астам донор қабылдаған. Оның 40 мыңдайына донация жасалды. Бұл 18 мың адамның өмірін аман алып қалуға мүмкіндік берді.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Бұл ғылыми-тәжірибелік конференция дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл облыстық қан қызметіне 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Меймандар үш бағыт бойынша секцияларға бөлініп жұмыс істейді. Сонымен қатар жиында көрме ұйымдастырылады. Онда қанды зерттеу, талдау, компоненттерді бөлуге арналған заманауи үлгідегі техникалар таныстырылмақ. Жалпы шара 2 күнге жалғасады.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы