387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда құрақ құраудан халықаралық фестиваль өтті

  • 170
  • UPD: 19:43, 13.09.2019
Нұр-Сұлтанда құрақ құраудан халықаралық фестиваль өтті

Қазақтың құрақ құрау әдісі бренд ретінде қалыптасып, төрткүл дүниеге танылуы мүмкін.

Мұндай бастаманы елордадағы халықаралық көрмеге қатысышылар көтеріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандық құрақ шеберлері қауымдастығы жыл сайын арнайы фестиваль өткізеді. Биылғы шараға 300-ге жуық қазақстандық шеберден бөлек, Германия, Швейцария, Ресей және Өзбекстаннан да туындылар келіп түскен. Енді олар қаладағы ойын-сауық орталықтардың біріне қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылып отыр. Үш күнге созылатын шараның нәтижесінде үздік құрақ өнімдер анықталып, авторларына бағалы сыйлықтар табысталады.

Дана Әшімова, Қазақстан құрақ шеберлері қауымдастығы президентінің орынбасары:

- Негізі құрау құрау ата-бабаларымыз қалдырған өнер. Бұрын әр үйде осындай туындылар тұратын. Енді соны зерттеп, жастарға үйреткіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы