387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда кезекті «QazTalks» ашық конференциясы өтті

  • 155
  • UPD: 22:28, 13.09.2019

Қоғамдық сананы жаңғыртудағы ғылыми қоғамдастықтың рөлі қандай? Қостанайдағы кезекті «QazTalks» ашық конференциясында осы тақырып талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пікір алаңында жоғары оқу орындарының оқытушылары, жастар, қоғамдық ұйым өкілдері әрбір қазақстандық өз рухани байлығын сапалы, әрі қолжетімді білім арқылы жетілдіруге ие екендігін айтты. Қатысушылар туған жерде және шетелде тегін білім алудың қыр-сырымен бөлісті.

Саясаттанушы Жанар Смақова бакалаврдан докторантура сатысына дейін көтерілген жас маман. Ол жетістіктерін еліміздегі сапалы біліммен байланыстырады. Өз біліктілігіңді шыңдауда мүмкіндіктер сан алуан. «Бұл ретте барлығы ынтаға келіп тіреледі», - дейді ол.

Жанар смақова, саясаттану ғылымдарының докторы:

Өз Отаныңда, шетелде тегін білім алуға бар мүмкіндік жасалған. Бастысы жан-жақты болып, үнемі ізденісте жүру. Ғаламтордан көңіліңнен шығатын ұсынысты табуға болады. Қазақстанның әлем мемлекеттерімен жасаған түрлі келісімдері бар. Соның негізінде шетелдерде білім алуға жол ашық қазір.

Отандық ғылымның даму үрдісі де бір орында тұрған жоқ. Атап айтсақ, соңғы уақытта қолданбалы биохимия ғылыми-зерттеу институты ғылыми жаңалықтар ашуға негізделген тәжірибелер жасауға ден қойған. Институт құрамында ДНК-сы бар кез келген материалға талдау жүргізетін дәрежеге жетті. 

Сәбит Қоқанов, ҚМУ қолданбалы биохимия ҒЗИ басшысы:

- Төрт зертханамыз соңғы үлгіде цифрландырылған. Мысалы, ДНК мағынасын ашу сәтімізді Польша, Италия, Балтық елдерінің ғалымдары онлайн режимінде көре алады. Генетикалық зертханамыздың қызметіне асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар жүгінеді. Біз малдың ДНК төлқұжатын жасау арқылы оны қымбат бағаға сатып, мемлекеттен субсидия алуға жағдай тудырамыз.

Құқықтану саласында да ғылымды дамытуға мүмкіндік бар. Конференция қатысушыларының пікірінше, ата-бабаларымыздың кейбір заңдарын қазіргі өмірде де қолдануға боалды.

Нұрлан Биекенов, ҚР ІІМ Қостанай академиясының бастығы:

- Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамның жақын туған-туысқандары азаматтық талап бойынша жауап берсе. Себебі мемлекеттің ақшасын талан-таражға салған кезде ол ақшаны өздеріне, туған-туысқандарына жұмсады ғой. Міне, сондай ынтымақты жауаптылықты енгізсек.

Өз пікірлерін тыңдаушылар да ортаға салды. Студенттер заманауи ғылымға қатысты көзқарастарын білдіріп, инновациялық идеяларды жүзеге асыру барысымен бөлісті.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Сергей Трахтенберг

 

Хабар 24 телеарнасы