385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы астық сақтау орындары 6% ғана толды

  • 160
  • UPD: 21:44, 13.09.2019
Қостанай облысындағы астық сақтау орындары 6% ғана толды

Қостанай облысындағы астық сақтау орындары бар болғаны 6%-ке толды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 4 есе аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар мұны биылғы бидай шығымының төмендігі және апта бойына жауып тұрған жауынмен түсіндіреді. Қазір ауа райы жаймашуақ мінез танытып, күзгі жиын-терімге қолайлы болып тұр. Жазда аптап ыстықтан аймақтағы 70 мың гектар алқап күйіп кеткен. Бұл жалпы егіс алқаптары көлемінің 20%-і. Қалған өнімді диқандар қыркүйектің соңына дейін ысырап етпей жинап алуға мүдделі. Қазір астық қабылдау кәсіпорындары тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Олардың сыйымдылығы 8 миллион тоннаға жуықтайды. Бүгінде қоймаларда 200 мың тоннадан астам астық сақтаулы.

Құрманбек Қыдырбеков, астық қабылдау кәсіпорны директоры:

- Қоймаларымыздың көлемі бойынша 220 мың тонна бидай қабылдай аламыз. Оның ішінде бидай, арпа, сұлы бар. Биылғы мақсатымыз 150 мың тоннадай қабылдайтын шығармыз деген ойдамыз. Былтырғы тарифті қалдырдық Бағасын еш өзгерткен жоқпыз. Барлығы сол күйінше қалды.

Хабар 24 телеарнасы