389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында астық көлемі былтырғымен салыстырғанда екі есе төмен

  • 225
  • UPD: 21:54, 13.09.2019

Жаздағы ыстықтан көптеген алқап күйіп кеткен. Әсіресе, Әйтеке би ауданындағы диқандар көп зардап шегіп отыр.

Енді шаруа қожалықтары мемлекеттің қолдауынан үмітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбе облысының қамбалары биыл жергілікті астықпен толмайтын сыңайлы. Сондықтан маусымның алғашқы күнінен бастап көрші мемлекеттен келген бидайды қабылдауға мәжбүр. Оның көлемі де сапасы да көңіл көншітерлік.

Блиц:

- Эта пшеница поступила с России, оперативно определили ее качество, влажность13,4, клейковина 33, и протеин 17,5. Это очень хорошая пшеница, третий класс.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Бұл диірмен тәулігіне 550 тонна бидай өңдеуге қауқарлы. Бірақ қазір оның көлемі жобалық мүмкіндігінен әлдеқайда төмен. Шикізаттың сапасын да күнделікті қадағалап отыру қажет.

Ұлмекен Акунова, диірменнің зертхана меңгерушісі:

Былтыр деген күніне 500 тонна алсақ, биыл ең көбі жүз тонна аламыз күніне. Бұл өте аз. Біздің диірмен тәулігіне 550 тонна өңдейді.

Жергілікті диқандардың жер сипап қалуы диірменнің қызметіне тікелей әсер етеді. Мәселен, Әйтеке би ауданында орналасқан шаруа қожалықтары әрбір гектардан бір жарым, екі центнерден ғана түсім алған. Науқанның бүгінгі күніне облыс бойынша орташа көрсеткіш 5,5 центнерді құрады. Сондықтан барлық үміт еліміздің солтүстік өңіріндегі астық алқаптарында.

Бекнұр Бейісов, серіктестік директоры:

Біздің диірмен жылына 120 мың тонна астық өңдейді. Сондықтан біз шикізаттың басым бөлігін өзге облыстардан сатып алуға мәжбүрміз. Жергілікті шаруа қожалықтар да жеткізуде. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Жергілікті астықтың қамбаға биыл әлдеқайда аз құйылатынын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы да айтып өткен болатын. Шамамен гектарынан 7 центнер түсім болады деп топшылаған мамандардың болжамы орындалмай отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 11 центнер болса, биыл екі есе аз. 8 шаруа қожалығы несие бойынша төлем уақытын шегеру туралы өтініш те білдірген.

Асылхан Абтиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары:

- Ақтөбе облысының халқын нанмен қамтамасыз ету үшін жалпы жобамен 190-200 мың тоннадай астық керек болады. Енді былай қарасаңыз, облыста астық жинауға жетеді көлемі. Бірақ бұл жерде шаруашылықтардың өздерінің несиелік міндет дейміз немесе өздерінің жалақысын төлеу, соған кетеді баланс бойынша. Сондықтан қосымша астық сұралып жатыр. 190 мың тоннадай бидай бөлінуге және 65 мың тоннадай жемдік арпа бөлінуге жұмыс жасалуда.

Астық ору науқаны Ақтөбе облысында қыркүйек айының 25-іне дейін тәмәмдалуы тиіс. Сонда ғана қамбаға салынатын бидай көлемі белгілі болады. Егіс алқаптарындағы мұндай жағдайдың ұн мен нан бағасына қалай әсер ететінін әзірге ешкім топшылай алмады. Дегенмен, өткен жылы тоннасы 47 мың теңгеге саудаланған бидай құны биыл 65 мың теңгеге дейін шарықтап кеткен.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы