387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да егін орағы қайта жанданды

  • 170
  • UPD: 22:12, 13.09.2019
СҚО-да егін орағы қайта жанданды

Солтүстікқазақстандық диқандар жаңбырдың салдарынан бір апта бойы тоқтап тұрған еді. Қазір ораққа қайта кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күннің қолайсыздығынан әсіресе Айыртау, Ақжар, Уәлиханов, Тимирязев, Тайынша, Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарында шаруа тежелген. Ауыл шаруашылығы басқармасы берген соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда 1 млн гектар жер орылды. Орташа түсім – 14 центнер. Өңірде 50 шақты астық қабылдау орны жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, элеваторларға түскен бидайдың басым бөлігі үшінші сыныпты. Яғни, жоғары сапалы.

Қуандық Шақыбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Кешеден бері күн ашылды. Ауа райы кішкене жақсылап бара жатыр. Содан бастап бүгін 7 аудан таңертеңнен бастап істеп жатыр. Енді кешке дейін қалған аудандар кірісуге тиісті.

Хабар 24 телеарнасы