384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық ҮЕҰ өкілдеріне Ak Zhaiyk Camp-2019 күзгі лагері ұйымдастырылды

  • 391
  • UPD: 09:19, 14.09.2019

Ak Zhaiyk Camp-2019.

Осындай атаумен Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында Атыраулық үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен күзгі лагерь ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шара аясында 40-тан астам үкіметтік емес ұйым өкілдері 2 күндік семинар-тренингке қатысты. Оларға шетелдік мамандар да дәріс оқып, жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті.

Мұнайлы өңірдегі азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосып жүрген жастардың бірі - Индерлік Қайырлы Гилманов. Ол 6 жыл бұрын «Дендер жастары» қоғамдық бірлестігін құрған. Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің кезекті бас қосуына қатысқан ол біршама біраз тəжірибе жинады.

Қайырлы Гилманов, «Дендер жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- ҮЕҰ өзінің жұмысын қалай жасау керек, қандай бағыттарға, демеушілерді қалай тарту керек, соның барлығын фандрайзинг ұғымы, соның барлығы бізге жаңа ұғым болды жəне оны түсіну алдағы жұмыс тəжірибмізде қолдануға өте үлкен мүмкіндік сыйлап отыр.

Күзгі лагерьге қатысушыларға ақыл-кеңес беру үшін халықаралық деңгейдегі мамандар да арнайы шақыртылған. Жиынға қатысуға 70-тен астам ҮЕҰ өкілі өтініш білдіріп, қойған талаптарды толық орындаған 40 ұйым ғана күзгі лагерьге жолдама алды.

Əйгерім Досқалиева, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ директоры :

-Бізде арнайы сауалнама болды 10 сұрақтан құралған. Соны толтыру керек болды. Яғни, ол жерде сен осы жаққа неге келгің келеді, келгеннен кейін қандай жоба жасайсың жəне өзіңнің ҮЕҰ 5 жылдан кейін қандай қылып көресің деген сұрақтар, соған сəйкес жауап берген критерийлерге сəйкес таңдадық.

Ұйымдастырушылар түрлі бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың əлеуметтік бағыттағы қызметі мен қаржылық сауаттылығын арттыру, тың идеяларды жүзеге асыруға жəрдемдесу, еріктілер тобының жұмысын жандандыруға ықпал етуді көздеп отыр. Жиын соңында тренингке қатысушылар арнайы сертификат жəне алғыс хаттармен марапатталды.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы

 

Хабар 24 телеарнасы