387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баласына вакцина еккізбегендер әкімшілік айыппұл төлеуі мүмкін

  • 182
  • UPD: 23:18, 13.09.2019
Баласына вакцина еккізбегендер әкімшілік айыппұл төлеуі мүмкін

Ал, екпе алмаған бала инфекция жұқтырса, ата-анасы еміне ақша төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, туғалы екпе көрмеген баланы балабақшаға да қабылдамайды.

Халық денсаулығы туралы жаңа Кодекске осындай нормалар енгізу қаралып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл ұсыныстарды қолдайды. Өйткені талапты қатаңдату ата-аналардың жауапкершілігін арттырады. Әйтпесе, елімізде екпеден бас тартқандар саны 14 мыңға жуықтаған. Жалпы биылғы сәуір айында басталған вакцинация кезінде 156 мыңға жуық балаға екпе жасалған. Жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Менингококк инфекциясы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайған.

Айта кетейік, туберкулезге қарсы вакцина жасау уақытша тоқтап тұр.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрағасының орынбасары:

- Жапония өндірушісінің туберкулезге карсы БЦЖ вакцинасының 33 сериясын 35 елден қайтарып алғаны туралы хабарлаған едік. Бұл вакцина біздің елде 14 жылдан бері қолданылатын. Вакцинаға қосылатын ерітіндіден бөгде заттардың табылуына байланысты вакцина қайтарылған еді. Осыған орай комитет вакциналауды уақытша тоқтатуды ұйғарды. Дегенмен, дүниежүзілік денсаулық сақтау бірлестігі өздерінің сайтында бөгде зат қосылған ертіндінің нарықта кеңінен тарау мүмкіндігін жоққа шығарып, вакцинацияны тоқтатпауға кеңес беріп отыр. Осыған орай біз бұл мәселені иммунизация жөніндегі комиссияның қарауына жібермекпіз.

Хабар 24 телеарнасы