387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыдағы ұлттық паркте бизон төлдеді

  • 169
  • UPD: 23:26, 13.09.2019
Қарқаралыдағы ұлттық паркте бизон төлдеді

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі тағы бір бизонмен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Осыдан отыз жыл бұрын Ресей зообағынан әкелінген жануарлар төлдеп, көбейіп келеді», - дейді мамандар. Қазір ұлттық табиғи паркте бизонның бесеуі бар. Олардың үшеуі аталық, екеуі аналық. Бастапқыда үш-төрт жылда бір төлдеген екен. Яғни, жабайы табиғаттан жартылай еркіндікке түскен қуысмүйізділер қоршауда күйзеліске ұшырап, ұзақ уақыт бұзауламаған. Уақыт өте келе жергілікті табиғатқа еттері үйренген. Аналық бизон бұзауын 7 айдай емізеді. Олар табиғи жағдайда 20-25 жыл тіршілік етеді екен.

Серғали Канафин, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маманы:

- Әкелген кезде бұлар стресс жағдайында болды, бұл жерге үйрене алмай, көбейе алмады. Қазір үйреніп, жылда бұзаулап, көбейіп келеді. Біздің суығымызға бұлар шыдап, қазір біздің паркте өсіп-өніп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы