387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде кепілдікке өтіп кеткен тұрғын үй иелері баспанасыз қалмайды

  • 157
  • UPD: 08:52, 14.09.2019
Ақтөбеде кепілдікке өтіп кеткен тұрғын үй иелері баспанасыз қалмайды

Ақтөбедегі «Юнис-Сити» тұрғын-үй кешені иелері баспанасыз қалмайтын болды. Бұған дейін көп қабатты үйдің екінші деңгейлі банктің иелігіне өткендігі туралы ақпарат тараған болатын.

Жаңадан іргетасы қаланған кешендегі пәтерлерді тұрғындар заң жүзінде сатып алғанымен әділет департаменті органдарына тіркей алмаған. Себебі құрылыс компаниясы қаржы институтынан несие рәсімдеп, жаңадан салынған үйді кепілдікке өткізеді. Артынша жалған құжат даярлап, аталмыш нысанды тағы бір мәрте саудаға салады. Бұл құйтырқы әрекеттер әшкере болып, өткен жылы 4 азамат жауапқа тартылды. Ал несие беріп, 1 миллиард теңге көлеміндегі қаражатын қайтара алмаған банк сотқа жүгінеді. Еліміздің жоғарғы соты қаржы институтының арызын қолдап отыр. Осыған орай тұрғындар далада қаламыз ба деп алаңдаулы болған. Алайда банк өкілдері көпқабатты үйде бос тұрған жүзден астам пәтерді ғана сатып, шығынымызды өтейміз деп сендірді. 

Аслан Рамазанов, екінші деңгейлі банктың облыстық филиалы директоры:

- Сот ісі жалғасып келе жатқан уақыт аралығында біз бірде бір тұрғынды пәтеріне қуып шықпайтындығымызды айтқанбыз. Ақшасын адал төлеген азаматтардың баспанасына қол сұқпаймыз. Әлі күнге дейін төлеп келе жатқан азаматтардың да бар екенін білеміз. Бірақ бұл үйлерде кімнің тұратынын, кімнің сатып алғандығын анықтауымыз керек. 

Рүстембек Айтжанов, қала тұрғыны:

- Кеше заң шықты ғой енді, бәрі банкке ауысады деп. Содан квартирасыз қалам деп бәрі уайымдап жатыр. Бәріміз еңбекпен алынған зат қой. Ешкім бізге сырттан ақша әкеліп берген жоқ. Тұрғындардың барлығы өз ақшамызға еңбектеніп алған квартира мұның барлығы.

Хабар 24 телеарнасы