385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілеріне жалақы бойынша қарыз өтеледі

  • 148
  • UPD: 16:42, 14.09.2019

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақы мәселесі шешімін тапты. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.

Еске сала кетсек, біздің арна Шымкенттегі автобус паркінің жүргізушілері екі ай бойы тиесілі жалақыларын ала алмай жүргендігі жайында дабыл қаққан болатын.  Өйткені еңбекақы бойынша жалпы берешек 10 миллион теңгеден асып түскен еді. Енді сол қарыз өтелетін секілді. Қаланың  көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл бюджеттен 8 531,61 млн теңге қарастырылған. Енді көшелерде нақты айтқанда 165,3 шақырым жөнделеді. Биыл Шымкентте 108,5 шақырым қамтылуы тиіс. Қазіргі таңда қалада жолаушылар тасымалымен 27 компания айналысады. Жаңадан бірнеше бағыттар жүзеге асырылмақ. Атап айтсақ, шаһарға облыстың аудандарынан қосылған елді мекендерге жаңа автобустар қатынайтын болады. 300 жаңа автобус алынды. Нәтижесінде Шымкентте жыл басынан бері жаңадан 12 бағыт ашылған. Алда қосымша тағы да 4 бағытты іске қосу жоспарда дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар. 

Айта кетейік, Шымкент қаласының жер көлемі соңғы бес жылда үш есеге ұлғайып, жаңадан 40 елді мекен қосылған болатын. 

Қуатжан Жұматаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Ия, біз жүргізушілердің шу шығарған мәселесін шештік. Автобус паркінің жүргізушілері қазір өз жұмысын атқаруда. Еңбекақыларын алды. Негізінен онда компания әуелі жанармайға қаржыны жинақтап соған жұмыс жасаған. Ол кезеңде енді ғана автобустар бағытқа шыққан болатын. Қазір жағдай тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы