387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да түрлі сала мамандары ыммен сөйлеуді үйреніп жатыр

  • 161
  • UPD: 16:43, 14.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысында 100–ден астам түрлі сала маманы ыммен сөйлеу тілін меңгереді.

Әлеуметтік жобаны мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті департаменті жүзеге асырып отыр. Ол бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсететін шенеуніктер, полицейлер, қаржыгерлер мен мұғалімдер оқытылады. Қазіргі таңда 3-топтың дәріс сабақтары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл кембағал жандарға кедергісіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.    

Елена Степаненко, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

- Біздің мемлекеттік орган ретіндегі міндетіміз барлық адамдарға теңдей жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттік қызметтер кедергісіз көрсетілуі тиіс. Осы бағытта жұмыс істейміз.

Хабар 24 телеарнасы